"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адам құқығы- бала құқығын қорғаудан бастау алады.

17.11.2020

 Біз дүние есігін ашқан сәттен бастап өмірімізді, денсаулығымызды, тыныштығымызды қорғап отыратын заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 желтоқсанда «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы» және 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы декларациясы»осыдан кейін 61 ел қол қойған 1989жылы 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция » қабылданды. Осы Конвенцияның негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданып 9-тарау, 53-баптан тұратынын және осы ережені бұлжытпай орындау –біздің Отанымыз, еліміз, халқымыздың алдындағы парызымыз сондай ақ өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататынын оқушыларға түсіндіру мақсатында «Бала құқығы –асыл қазына» тақырыбында 9-сыныпта тәрбие сағаты ұйымдастырылды.  Негізгі алға қойған мақсатымыз: Адам құқығын қорғау өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.  Құқықтық нормативтік актлерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық салауаттылыққа тәрбиелеу болды.                                                   Сабақ барысында «Әрекет –қабілеттілік пирамидасы»,                                                              «Өз құқығыңды біл»                                                                                                                                     «Ой жалғау»                                                                                                                                                «Кім тапқыр»                                                                                                                                         Тренинг «Ассоциация» атты кезеңдерден деңгейлік тапсырмалар орындалып әр бала күнделікті өмірде орындалып жүрген құқықтары туралы ойларын ортаға салды. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндермен таныстырып әр баланың жақсы оқып, сабақта өмірге қажетті жаңа және пайдалы білімдерді алуға құқылы және міндетті де болып табылады. Құқық адамға игі істерді жасау үшін берілген. Адамға зиян келтіретін істердің барлығына тыйым салынғанын түсндіре отырып « Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасың? деген тақырыпта пікір сайыста оқушылар міндетті түрде емес, өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде алайда тек жақсы, пайдалы, әрі игі істерді істеуге құқылы екендерін жеткізе білді. Сабақ соңында әр оқушы өзін құрметтеп, бойындағы бар қабілетін тек жақсылыққа бағыттап, зиянды әдеттерден аулақ болып, ар-намысты биік ұстап, елі үшін өз құқығын дұрыс пайдаланып Қазақстанның өркендеп дамуы үшін үлесін қосуға үндеу тастап, тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздарын тәриелеуден ешқашан жалықпаймыз! дегім келеді.

Ақадыр орта мектебі: Аға тәлімгер Айдар Назам

Просмотров: 187


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст