"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.02.2024 күні Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Зеренді ауданының кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс жүргізу орталығының инспекторы полиция капитаны Аубакиров Денис-Бек Темиртасович және Шағалалы ауылының инспекторы полиция капитаны Булатов Жанат Омирбекович мектебіміздің 5-11 сынып оқушлылары және мұғалімдер мен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқық бұзушылықтарының алдын алу байланысты ақпаратта берілді. Сонымен қатар құқық бұзушылық, қылмыстық іс туралы да ашып айтты. Шылым , спирттік өнімдерді тұтынбау, біреуге басымшылық көрсетпеу, кешкі уақытта көшеде, ойынсауық орталығында жүрмеу. Біреудің құқығына қол сұқпау, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбау туарлы да айтылды. Кәмелеттік жасқа толмаған жүргізуші куәлігі жоқ балалар көлік жүргізуге заңмен тиым салынатыны туралы ақпараттар берді. Алаяқтар несиені сыйақыға «жауып» береді , хабарландыру сайыттарында алаяқ сатып аушыны қалай білуге болады? Тақырыптарында да оқушыларға , мұғалімдерге , жұмысшыларға ақпараттар берді.Қандайда бір тәртіпсіздік, құқық бұзушылық жағдай болғанда заңмен қаралатыны, әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны, заңбен бекітілген айыппұлар салынатыны туралыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық орындарда қоқыстарды қалай болса солай тастамау, адамдарды балағаттамау олда заң ға қайшы іс әрекет екені айтылды. Жоғардағы айтылған құқық бұзушылық іс әрекеттік бәрі Қазақстан республикасының заңымен қаралатыны , әр істің өзінің баптары , тармақтары барын айтып өтті.Кездесу соңында кез келген уақытта рейдтік жұмыстар жүргізіп отыратыны айтылды. Балалық жақтарын қызықты бақытты өткізу керек , еш қандай зиянды әдеттерге, қылмыстық іс-шараларға бой алдырмай тек білім алып тәрбиелі болуға шақырып ақыл кеңестерін айтып әңгімелесті.

05.02.2024

Просмотров: 734


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст