"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Эссе "Менің Қазақстаным"

22.11.2019

«Қазақстаным»

                                                                                     Өткен күн кеше тарих,

                                                                                      Келер күн ертең сыр.

                                                                                      Ал бүгінгі күн үлкен сый

                                                                                                             Нақыл сөз

      Менің туып өскен жеріміз   Отанымыз -Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз , кең,ұлан-байтақ ел. Қазақстан жер қойнауының үсті де ,асты да бай. Асты бай дегенім: көптеген қазба байлығы бар .Ал асты бай дегенім :Қазақстан ұлан байтақ аспаны ашық. Қазақстан Республикасы –ұлт мақтанышы. Республикамыздың мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран.Бұл Мемлекеттік нышандары әрбір қазақ  баласы білуі тиіс және міндеті мен парызы. Сонымен қатар табиғаты сыр шертер: биік-биік асқар таулары, мөп- мөлдір өзен көлдері бар.   Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті еш нәрсе жоқ.  Туған жердің тұнық суын ішіп, жұпар ауасын жұтқан әрбір адамның туған топырағына деген сезімі ерекше болса керек. Ел болып бірігуі ,ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Ата бабамыз ат үстінде жүріп қасық қаны қалғанша ел жерімізді қорғап ,  Отанға деген махаббат сезімін ,өзінің ұлтын , туған тілін, ерекше құрметпен өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырған. « Желтоқсан  оқиғасы » әрбір қазақтың жүрегіне ауыр жара салды .Себебі бұл- тарих.Егерде , өткен күнімізді ұмытсақ ,болашақ бізді кешірмейді  деген сөз бар емес пе? Сондықтан әрбір қазақ бұл сөзді жадында сақтау керек. Біздің Егеменді іргелі ел-көп ұлтты тату- тәтті мемлекет. Әр түрлі қызмет саласында қазақтар, орыстар, украйындар, немістер,кәрістер, татарлар еңбек етуде. «Бірлік бар жерде , тірлік бар »дегендей  әрбір жыл сайын  бірлік ,яғни «Бірлік » күнін атап өтеміз.Елбасының айтқанындай : «Жастар болашақ бастауы » деген  ол дегеніміз жастарымыз білімді, білікті , тату –тәтті  жомарт болса біздің ел дамиды, көркейеді деген сөз. «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында » сол себепті биылғы жыл  «Жастар жылы » болып аталып өтуде. Қаншама жұмыссыз жүрген жастарды болашаққа қадам бастыру.Демек ,осылай жастар жылы жалғаса берсе , еліміз дамып жарқын болашаққа нық қадам басатынымыз сөзсіз.

 

 

Анарбек Алмас 8- сынып оқушысы

Просмотров: 400


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст