"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген олимпиада жетістігі

08.04.2019

 

     Сәуір айының 5 күні Көкшетау қаласындағы дарынды оқушыларға арналған «Дарын»мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық Бітібаева олимпиадасы  өткізілді. Онда 9,10,11-сынып оқушылары қатысып оз бақтарын сынады. Сайысқа барлығы 54 оқушы қатысты.Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі берілген үш тақырыптың біріне эссе жазу тапсырылса, екінші кезеңі ауызша және жазбашы түрде 5 тапсырма берілді. 9-сынып бойыншы 20  оқушы, 10-сынып бойынша 17 оқушы, 11-сынып бойынша 17 оқушы қатысты.  Сыныптар жеке-жеке аудиторияларға бөлінді. Сыныптарға бөлінген әділ қазылар  жоғарғы оқу орындарынан келді. Менің  бәйгеге қосқан  Ақадыр орта мектебінің 9-сынып оқушысы Хайвар Жалғас Айдосұлы. 9-сыныпқа келген бірінші кезеңнің  тапсырмасы  би шешендер мен жыраулар поэзиясы және бір еркін тақырып «Дені саудың-жаны сау».Осы тақырыптардың ішінен  би шешендерге тоқталып 250-300 сөз аралығында эссе жазды.Эссе жазуда оқушым көп оқып, көп дайындалу тақырыпты ашып, эссе жазуда  еш қиындық тудырмағанын айтып,көңіл күйі өте жайдары шықты.

    Екінші кезең  түскі астан кейін басталды. Оқушыларға барлық тапсырмаларды талдап,  еске түсіру үшін 40 минут уақыт берді. Тапсырмалар қазақ тілінен: стильдер, сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау болса, әдебиеттен: берілген жырларлардан үзінді қай жыраудың жыры екенін табу, мақал мен мәтелдің ерекшелігі, ой толғау  жазу «мен ұстаз болсам...» деген тапсырмалар болды. Барлық тапсырмаларын  орындап болған соң 40 минуттан кейін жеке –жеке кіріп қорғап сөз саптауларын, есте сақтау қабілеттерімен қоса білімдерін көрсетіп шықты. Менің оқушым әр кезеңде де еш қиналмай  ойын еркін толық жеткізіп талдап бергенін қуана айтты. Сайыс оте жүйелі жоғарғы деңгейде өткізілді. Оқушыға еш қандай  қосымша көмектер берілуге жол бермеді.Оқушылар өз білімдерін көрсетті.Жетекшісі ретінде оқушыма алғысым зор Силам Мейрамгуль.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст