"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Киіз басу өнері-ұлттық мұра

26.10.2021

         Зеренді ауданы Ақадыр орта мектебінің «Мұрагер» қолөнер үйірмесі ұлттық қолөнерді жастардың бойына сіңіріп, халықтың назарына ұсынып, алғыстарына бөленіп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Осынау Зерделі Зеренді өңірінде көптеген шебер , талантты оқушыларымыз бар. Зеренді балалар шығармашылық үйі өздерінің алға қойған мақсаттарының, жүйелі жұмыстарының  арқасында көптеген балалардың өнерге деген қызығушылықтарын артырып, жақсылыққа жетелеп жүр. «Бұлақ көрсең- көзін аш» деп дана халқымыз бекер айтпаған.Әр заманның қазіргі және кейінгі ұрпаққа қояр талабы, өз міндеті бар. Осы орайда біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  көптеген өзіміз білмейтін ақпараттарды, тарихтарды, ұлттық-салт- дәстүрлерді біліп, киелі жерлерді көрдік. Бұл бағдарлама бізге ұмыт болған -көп жаңалықтар  әкелді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген игі, ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Рухани жаңғыру  ұлттың бір болуын, ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. «Соның бір ұлттық қолөнер. Кез келген  халықтың ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы – қолөнері болып табылған.  Сәндік –қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін, ою-өрнектерді, табиғи шикізатты пайдалана отырып, тұрмыстық заттарды да жасаған. Киіз басу өнері ұлттық өнердің бір түрі,  ата-бабаларымыз сонау көне дәуірінен бастап киіз басу өнерімен айналысқан. Біздің шеберлеріміз  ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы халықымыздың этикалық және мәдени ұлттық  дәстүрін көрсете білген. Қазіргі кезде ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытып , қыр- сырын үйрететін қолөнер үйірмелер болып табылады. Ұлттық қолөнер ол  ата-әжелерімізден бізге мұра болып қалған бірден –бір құнды тарихи жәдігер. Осы құнді мұраның  қаймағын бұзбай келешек ұрпаққа табыстау қолөнер шеберлері біздің міндетіміз. Қазақ  ұлтымыз сәндік –қолөнер түрлеріне өте бай халық. Шеберлер қолынан шыққан  әр бұйым  тарихымызбен ұштасып жатады.  Халқымыздың тұрмыстық жағдайда қолданып келген әр затының жасалу әдісін, қолдану мақсатын сонымен қатар тарихын оқушыларымызға  үйретіп, таныстырып отыруымыз керек. Мен жетекшілік етіп отырған «Мұрагер» қолөнер үйірмесінің тәрбиеленушілері халқымыздың көптеген өнер түрлерімен танысып, үйреніп жүр. Бұл балаларға өте қызықты. Заманауи қөлөнер түрлерін олар ғаламтор көздеріненде үйрене алады, ал ұлттық өнерімізді оларға біз анықтап-саралап үйретуіміз керек. Соның ішінде біз киіз басу өнерімен кеңінен танысып үйренудеміз. Киіз басу арқылы біздің халқымыз басына пана, үстіне киім, тұрмыстық заттарды көптеп басып пайдаланған. Бізде өз кезегімізде киізден әр түрлі бұйымдар жасаймыз мысалы: көйлектер, бешпет, камзол, аяқ киім, тымақ қоғап, мәсі, шәлі ,кәде сыйлар , сонымен қатар ойыншықтар, картинканың түрлерін жасаймыз. Киіз басу өнері ылғалды және құрғақ әдіспен орындалады.Оларда бұл жұмыстарға өте зер салып белсене кірісіп кетеді. Үйірме жұмысы барысында талмай еңбек ету жолында жеткен жетістіктерімізде аз емес. Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік түрлі қолөнер сайыстарына үйірменің оқушылары қатысып түрлі жүлделі орындарға ие болып марапатталып жүр. Біз әліде үлкен белестерді бағындырып ұлттық киіз басу өнерін жастарға заманауи талабына сай дәріптейміз.Жастарымыздың бойында ұлттық рух барда , елімізде рухани жаңару күш алады. «Мұрагер»  қолөнер үйірмесі атына заты сай, ұлттық өнерді жарыққа шығарып, жастардың бойындағы ұлттық өнерге деген құштарлықтарын оята білетін сиқырлы орда.

    Ақмола облысы Зеренді ауданы балалар шығармашылық үйінің  Ақадыр  орта мектебіндегі филиалының «Мұрагер» қолөнер үйірмесінің жетекшісі Малик Армангуль

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст