"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласында облыстық ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған "Бір шаңырақ астында - биік мақсаттарға" жобасы аясында өткізіліп отырған "Этно - fashion" ұлттық киімдер сән көрсетілім сайысы ұйымдастырылды

01.04.2021

Көкшетау қаласында облыстық  ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған "Бір шаңырақ астында - биік мақсаттарға" жобасы аясында өткізіліп отырған "Этно - fashion" ұлттық киімдер сән көрсетілім сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа Степногорск, Атбасар қаласы және Сандықтау Зеренді аудандары өз сән үлгілерін ұсынды. Бұл сән үлгісін көрсетуге қатысқан барлық сәнгерлер ұлттық дизайндағы ою-өрнекті, асыл тастармен көмкерілген киімдер киіп шықты. Зеренді ауданының атын қорғауға балалар және жасөспірімдер орталығы жанындағы ЖОББ Ақадыр мектебінің "Мұрагер" қолөнер үйірмесінің оқушылары өздерінің қоддарымен киізден басып дайындаған "Зерделі Зерен " көйлектер топтамасын көрермен назарына ұсынды. Оқушыларымыздың көнеден келе жатқан ұлттық өнерді жаңғыртып дайындаған көйлектеріне қазақтың инабатты, әсем қыздарының келбеті, шашбауы сыңғырлаған бұрымдарымен ажарланып көйлектердің  көркін аша түсті. Сайыс соңында әділқазылардың шешімімен Зеренді ауданы жүлделі I- ОРЫН иелендік. Сән үлісіне қатысқан Мұрат Аяжан, Солтанбек Арайлым, Хайвар Алтынай сынды қыздарымызға алғыс айтамын.
Жетекшісі Малик Армангуль

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст