"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЖОББ Ақадыр мектебі» «Абай жолы» клубы

15.03.2021

«ЖОББ Ақадыр мектебі» «Абай жолы» клубы

         Ақмола обылысы Зеренді ауданы ЖОББ Ақадыр  мектебінде жыл басынан бастап ерекше клуб өз жұмысын жасап келеді...

        Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім- сыры, арман тілігі , ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Дана ақынның пайымынша, адамшылдықтың мұратына жетудің негізгі құралы –шығармашылық оилау.  Абайдың айтуында, ой кісіге табиғат құбылыстарын ғана емес, адам өмірін талдау,қорыту, салыстыру үшін берілген. Нағыз адам мұратына жетудің екінші шартын Абай еңбек, қызмет деп есептейді.  Абайдың айтуынша, еңбек– жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. Ғылымды игеру,тану, білімді болу– табан ақы маңдай тердің, еңбектің мәні. Сондықтан ақын еңбек пен мақсатты өлеңдерінде асқақтата бейнелегенін білеміз. Біз кейінгі ұрпақ, бүгінгі таңда осы Әлемге танылған Абай атамыздың асыл да бағалы қазынадай мұраларын, алтын қазынамыздай сақтай отыра, өз заманымызда мақтанышпен айтып қана қоимай жан–жақтылықпен дәріптеп, үиреніп, үйретіп ұрпақтан–ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізудеміз. Оның бір дәлелі ретінде, биылғы жылы мектебіміздегі Абай атамыздың175жылдық мерей тойына орай ашылған мектебіміздің «Абай жолы» атты клуб жұмысының іске қосылуы. Клуб жыл бойында салтанатты ашылу рәсімінен бастап, «Өлең сөздің патшасы-сөз сарас» тақырыбында Ақыт Хабасия ұлы  «Абайдың қара сөздері» конференция Мейрамгүл Силам қызы «Ұлылардың ұлысы -Абай» ашық сабақ , мектеп басшысы Талан Сұлтанбекұлы «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» дөңгелек үстел Сәндүгіл Нұршәріп қызы. Алдағы уақытта ақынның аударма саласына жұмыс жасайтын орыс тілі мұғалімі: Кучумова Айда Мейрамқызы мен ағылшын тіл мұғалімі: Бахитгул Долай қызына сәтті жұмыс болсын дей отыра , клуб жұмысын түиіндейтін мектеп кітапханашысы Ғайни Алданыш қызы мен, тәрбие ісінің меңгерушісі Армангүл Маликқызы да жоғарғы деңгейде жұмыс жасап ұрпақ бойына Абай үнін танытуда зор үлес қосары сөзсіз!  Бұл дегеніміз болашақ ұрпақтың Абай ілімі мен сусындап, өмір бойғы еңбетің бағалы жемісін татады деген сөз. Мен клуб жетекшісі ретінде бұл басталған биылғы жұмысқа алғысымызды айта отыра, болашақта жалғасын тауып, ұрпақтарымызға Абай мұрасын асқақтата еңбек етуден шаршамай, мәнгі  бастама бола берсін деп тілеймін!!! Ақадыр мектеп ұжымына жүргізген жоғарғы деңгейлі жұмыстары үшін алғыс айтамын! Жұмысымыздың мақсатқа жету жолындағы жүргізген жұмысымыздың бірі: Аудандық сайысымыз болды. Жұмысымызға сәттілік тілеймін, барша ұстаздарға Абай әлемінде сусындауға шақырамын!

Просмотров: 154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст